UltraFormer MPT (Оңтүстік Корея)
Бет пен мойын жұмсақ тіндерінің қартайғанының ең жасырын белгісі – терінің салбырай бастауы немесе гравитациялық птоз. Птоздың пайда болуы тері мен тері асты май қабатының эволюциялық өзгерістеріне ғана емес, сонымен қатар беткі бұлшықет-апоневроздық жүйенің (SMAS) беку нүктелерінің созылып, әлсіреуіне де байланысты.
SMAS – екі қабаттан (талшықты және терең бұлшықетті) тұратын, беттің қаңқасы мен пішінін ұстап тұру қызметін атқаратын анатомиялық фиброзды-бұлшықеттік құрылым. Демек, жұмсақ тіндерді тиімді тарту үшін терең қабаттарға да, SMAS-қа да әсер ету қажет.
Қазіргі уақытта SMAS-қа әсер етудің жалғыз бейинвазив әдісі – HIFU (High Intensity Focused Ultrasound) ультрадыбыстық лифтинг технологиясы.
Қалай әрекет етеді
Емдеу барысында тербеліс жиілігі 4 және 7 МГц болатын қарқынды, фокусты ультрадыбыстық толқын SMAS дермасында 4.5, 3.0 және 1.5 мм тереңдікте термокоагуляция аймақтарын жасайды. Жоғары қарқынды ультрадыбыс тіндерде тербеліс тудырып, олардың жергілікті нүктелік қызуына әкеледі, соның нәтижесінде тіндер жиырылып, жаңа коллаген синтезі түзіле бастайды.
Ультрадыбыстық тербелістердің әсері нақты бағытталғандықтан, энергия қоршаған тіндерді зақымдамай, көзделген жерге дәл жетеді. Әсер ету сызығының ұзындығы 5-тен 25 мм-ге дейін өзгеруі мүмкін, ал коагуляция нүктелерінің арақашықтығы қолданылатын УД-энергиясының қарқындылығына байланысты 1, 1.5 және 2 мм болады.
Көпдеңгейлі әсер ету нәтижесінде бет пен мойынның жұмсақ тіндеріне үш өлшемді, көлемді, табиғи лифтинг жасалады. Нәтиже процедурадан кейін бірден байқалып, 2-3 ай ішінде арта түседі.
Ultraformer артықшылықтары
Қолдану қауіпсіздігі
Әсер ету қарқындылығын реттеу мүмкіндігі
Терінің фототипіне қатысты шектеу жоқ
Оңалту кезеңі жоқ
Қатты ауырмайды
Жеке емдеу протоколын құру мүмкіндігі
Жас ерекшелігіне байланысты өзгерістерді түзеудің басқа әдістерімен (бетпішін пластикасы, ботулинотерапия, тредлифтинг, т.б.) үйлестіру мүмкіндігі
Науқандар мен жеңілдіктер
-
RRS long lasting
Инъекциялық процедураның жаңа буыны — теріні терең ылғалдандыруға және қалпына келтіруге бағытталған, әсері ұзақ уақыт сақталады. Толығырақ білу...
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.-15% -
Morpheus 8 инелі RF-лифтингі
Теріні терең ремоделизациялауға, оның серпімділігін арттыруға және айқын лифтинг әсеріне бағытталған инновациялық процедура. Толығырақ білу...
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.-15% -
Пиллинг PRX PLUS
Теріні терең жаңартуға, серпімділігін арттыруға және айқын лифтинг әсеріне бағытталған заманауи процедура. Толығырақ білу...
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.-15%
Сұрағыңыз қалды ма?
Кері қоңырауға тапсырыс беріңіз!