Курс бойынша нәтижелер мен ұсынымдар
1 процедура
Мына жағдайларда ұсынылады:
Нәтижесі: Келесі күні-ақ теріңіз айтарлықтай жарқырап, реңі тегістеледі. Коллагеннің қайта қалыптасуы есебінен тері тегіс әрі серпімді болып, табиғи лифтинг әсері байқалады.
3 процедура
Мына жағдайларда ұсынылады:
тері майлы және тері тесігі кеңейген кезде;
20-40 жас аралығында қартаюдың алғашқы белгілері байқалғанда;
тері реңі күңгірттенгенде, безеуден кейінгі дақтар және фотоқартаю болғанда.
Нәтижесі: Май бездерінің жұмысы реттеледі, коллаген синтезі жанданып, терінің жаңаруы жылдамдайды. Тері тығыздалып, жарқырай түседі, тері тесіктері тарылады, беткейлік әжімдер азайып, безеуден кейінгі дақтар ағарады.
Процедуралар арасындағы аралық – 2 апта
5 процедура
Мына жағдайларда ұсынылады:
40 жастан асқан және орташа тереңдіктегі әжімдер болғанда;
тері тонусы, тургоры төмендеп, сусызданғанда;
жасқа байланысты гиперпигментация мен безеуден кейінгі дақтар болғанда.
Нәтиже: Теріні терең қалпына келтіру: жаңа коллаген өндіріліп, тері тосқауылы нығаяды, терінің жалпы жағдайы жақсарады.
Тері тығыздалып, ылғалданып, реңі тегістеледі, пигментация мен безеуден кейінгі дақтардың көрінуі азаяды.
Процедуралар арасындағы аралық – 2 апта.
PRX-T33 пилингінің артықшылықтары (плюстері):
инъекциясыз жасартатын әсері;
терінің терең қабаттарына лезде енуі және белсенді регенерация процесі;
терінің жоғарғы қабатының аз жарақаттануы;
жылдың кез келген мезгілінде және ауа райы жағдайларына қарамастан жүргізуге қолайлы;
оңалту кезеңінің болмауы (теріде қабыршақтану, қатты қызару, ісінулер жоқ);
ауырсынусыздығы;
қолдану жылдамдығы (процедураның ұзақтығы 30 минуттан аз).
PRX-T33 пилингінің әсері:
теріні тығыздау және сергіту (бет сопақшасы неғұрлым айқын контурға ие болады);
май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіру және кеңейген саңылауларды қысқарту;
тарту әсері (лифтинг);
теріні ағарту (пигментация мен сепкілдер аз байқалады);
терінің реңі мен бетін тегістеу (тері жаңарып, безеу іздері, ұсақ тыртықтар, тыртықтар жойылады).
PRX-T33 пилинг процедурасы қалай жүргізіледі?
PRX-T33 пилингінің қадамдары:
Теріні макияждан, ластанудан тазарту, теріні мақта тампонымен жібіту.
Препаратты тері бетіне жағу. Алдымен маңдай, мұрын, иек аймағы өңделеді, содан кейін құрам терінің басқа аймақтарына таратылады. Науқас орташа шымшуды сезінеді. Терінің жағдайына, мәселеге және пилингті қолдану мақсатына байланысты косметолог-дәрігер құрамның қабаттар санын анықтайды.
Препаратты салқын сумен мұқият шаю.
Тыныштандыратын маска, крем жағу.
Процедурадан кейін бірден науқас (пациентка) әдеттегі іс-әрекеттеріне және өмір ырғағына қайта оралуы мүмкін.
PRX-T 33 пилинг - әмбебап, барлық маусымдық және жарақатсыз процедура. Біздің пациенттер мен косметологтардың пікірлері PRX-T33 өз уақытын бағалайтын және бірнеше процедурадан кейін нәтижені күтетін адамдар үшін нағыз олжа екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Пациенттердің пікірі бойынша, PRX-T33 пилингі жылдың барлық мезгілінде ең сүйікті процедуралардың біріне айналды. Инновациялық итальяндық препарат үйреншікті пилингтер туралы барлық түсініктерді өзгертті! PRX-T33 процедурасын таңертең жұмыс күні басталғанға дейін, тіпті түскі үзіліс кезінде де жасауға болады. Ең бастысы, косметологиялық салоннан шыққанда өтіп бара жатқан адамдардың көзінен "жасырынып," үйде отырудың қажеті жоқ. Оңалту кезеңі мен қызаруды ұмытыңыз! Небәрі 20-30 минуттан бірнеше сеанс және сіздің теріңіз тереңірек химиялық пилинг пен теріні лазермен тегістеу нәтижелеріне ұқсас лифтингтік әсер алады!
Өмірдің үйреншікті ырғағынан шығып кетпеңіз! Әдемі және бейқам болыңыздар! Қызметке тапсырыс беріп, Алматыдағы процедураның құнын білгіңіз келе ме?
Сайтта дәл қазір өтінім қалдырыңыз және PRX-T33 пилингінің әсерін мүмкіндігінше тезірек бағалаңыз!