Morpheus 8 инелі RF-лифтингі
бет пен денені операциясыз тартудың инновациялық технологиясы.
Morpheus 8 туралы жиі қойылатын сұрақтар
-
Меруерт Ерболовна ОмароваДерматолог және косметикалық маманПроцедура өңделетін аймаққа байланысты 20-30 минутқа созылады. Бірақ процедура алдында крем түрінде анестезия жағамыз, онымен 40-60 минут жату керек. Сондықтан процедураға шамамен 1,5 сағат уақыт жоспарлаған жөн.
-
Анастасия Сергеевна НемтинаДерматокосметологПроцедурадан кейін бет қатты қызарып, ұсақ нүктелер пайда болады. Олар бірінші күні анық байқалады. Екінші күні қызаруы басылады, бірақ ұсақ нүктелер мен қабыршақтар қалады. Осы кезден бастап макияж жасауға болады. Нүктелер мен қабыршақтар 5-7 күн ішінде толықтай жоғалады.
-
Ирина Вениаминовна НюДерматолог және косметикалық дерматологНәтиже 1-2 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа сақталады. Себебі процедурадан кейін теріні тығыздап, тартатын жеке коллаген бөлінеді де, оның әсері тіндерде ұзақ сақталады.
-
Меруерт Ерболовна ОмароваДерматолог және косметикалық маманӘдетте, бір процедураның өзі жеткілікті. Толық нәтижені 1 айдан кейін бағалауға болады. Алайда теріде жас ерекшелігіне байланысты немесе атрофиялық өзгерістер айқын байқалса, 2-3 ай аралықпен 2 немесе 3 процедура жасалуы мүмкін.
-
Анастасия Сергеевна НемтинаДерматокосметологПроцедура бағасы жасалатын аймаққа байланысты. Нақты ақпаратты Medstyle клиникасының байланыс нөмірлеріне хабарласып біле аласыз.
-
Меруерт Ерболовна ОмароваДерматолог және косметикалық маманПроцедурадан кейінгі шектеулер: 1. 1,5 ай күнге күймеу; 2. 2 апта моншаға, саунаға бармау; 3. Процедура жасалған күні сәндік косметика қолданбау; 4. Алғашқы 24 сағатта су тигізбеу; 5. 2 апта пилинг пен скраб қолданбау.
Науқандар мен жеңілдіктер
Сұрағыңыз қалды ма?
Кері қоңырауға тапсырыс беріңіз!