MeDioStar Next (Германия) лазері
Asclepion Laser Technologie (Германия) компаниясының диодты лазері – дерматокосметология үшін арнайы жасалған көпфункциялы мамандандырылған лазер.
Ол лазерлік импульстің қуаты мен ұзақтығын басқаратын технологиясының арқасында тін мен проблема түріне сай режимді таңдауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қабілетке ие.
Лазер сәулесі селективті, яғни белгілі бір нысанаға ғана бағытталады. Тамыр жұлдызшаларын лазермен алу кезінде лазер сәулесі қан тамырларындағы оксигемоглобинді нысанаға алады. Ал түкті лазермен кетіру кезінде түктің қара пигменті нысанаға айналады. Сол себепті лазер сәулесі теріні зақымдамай, тек тамырларға немесе түкке ғана әсер етеді. Тамыр мен түкті лазермен кетіру – өте тиімді әдіс. Ұсақ тамырлар лезде жоғалып, ірілері бозарып, кішірейеді.
Оңтайлы нәтижеге жету үшін дәрігер лазерлік жабдықтың міндетті тиімді орындауға мүмкіндік беретін жеке параметрлерін (терінің типіне, тамырлы түзілімнің немесе түктің түсіне қарай) таңдайды.
Лазердің көмегімен тамырларды немесе түкті кетіру іс жүзінде ауырмайтын процедура. Көбіне бұл процедура кезінде пациент терінің өңделетін аймағында жеңіл шымылдауды сезінеді.
Артықшылықтары
Терінің басқа құрылымдарына әсер етпей, барлық фототиппен (I–VI) жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
Импульстердің қайталану жиілігі жоғары болғандықтан, өңдеу жылдамдығы артып, процедура уақыты қысқарады;
Импульстің формасы (дара немесе қосарланған) мен параметрлері реттеледі, бұл дәрігерге пациенттің қалауына қарай оңтайлы терапияны таңдауға мүмкіндік береді;
Импульстің мінсіз тікбұрышты профилі пайдалы энергияны қабаттастырмай, "ыстық нүктелерсіз" барынша тиімді етеді.
Пациент терісін салқындататын "Пельтье" жүйесі импульсті екі еселеу режимімен бірігіп, теріге түсетін жылу жүктемесін жеңілдетіп, процедураның жайлы әрі қауіпсіз өтуіне кепілдік береді.
Неміс сапасы
MeDioStar NeXT – 25 жыл бойы лазерлік косметологияның озық технологияларын өндіріп келе жатқан немістің Asclepion компаниясының аппараты.
Науқандар мен жеңілдіктер
-
RRS long lasting
Инъекциялық процедураның жаңа буыны — теріні терең ылғалдандыруға және қалпына келтіруге бағытталған, әсері ұзақ уақыт сақталады. Толығырақ білу...
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.-15% -
Morpheus 8 инелі RF-лифтингі
Теріні терең ремоделизациялауға, оның серпімділігін арттыруға және айқын лифтинг әсеріне бағытталған инновациялық процедура. Толығырақ білу...
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.-15% -
Пиллинг PRX PLUS
Теріні терең жаңартуға, серпімділігін арттыруға және айқын лифтинг әсеріне бағытталған заманауи процедура. Толығырақ білу...
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.-15%
Сұрағыңыз қалды ма?
Кері қоңырауға тапсырыс беріңіз!