Asclepion Dermablate – Asclepion Laser Technologies (Германия) компаниясының эрбийлі лазерлер топтамасының ең соңғы үлгісі.
Аппарат фракциялық, абляциялық фототермолиз әдісі арқылы бет, мойын және декольте аймағының терісін лазермен жасартуға арналған. Ол терінің кеуектілігін азайтады, тонусын арттырады, әжімдерді жазады, сондай-ақ безеу бөртпесінен кейінгі гипертрофиялық, атрофиялық тыртықтарды және стрияларды түзетеді.
Лазер пигментті дақтарды, терідегі невус, сүйел, папиллома және т.б. түріндегі қатерсіз өсінділерді кетіреді.
Процедура алдында тері дезинфекцияланады да, үстіне пленка жауып, 30-40 минутқа жансыздандыратын крем жағылады немесе инъекция арқылы 2% лидокаинмен жергілікті анестезия жасалады. Соның арқасында процедура ауыртпалықсыз өтеді.
Процедурадан кейін өңделген аймақ қызарып, аздап ісінеді. Келесі күні қызару мен ісіну басылып, тор тәрізді қабыршақтар пайда болады (фракциялық қондырманың тесіктері өте ұсақ болғандықтан, тері жай ғана қоңыр түсті болып көрінуі мүмкін).
Өңдеу қарқындылығына байланысты қабыршақтар 3–7 күн ішінде түседі.
Теріні жасарту, тері кеуектілігін азайту, безеуден қалған тыртықтарды тегістеу процедурасы айына 1 рет жасалады, курс 3-5 процедурадан тұрады.
Стрияларды түзету процедурасы 10-14 күнде 1 рет орындалады, жалпы курс 7 процедураны құрайды.