LPG Cellu Endermolab M6 (Франция)

Технология LPG Cellu Endermolab (Франция) 1 | MEDSTYLE Алматы
Технология LPG Cellu Endermolab (Франция) 2 | MEDSTYLE Алматы

Аппарат дене бітімін нүктелі түрде түзетуде және целлюлитті жоюда тиімді. Процедуралар терінің серпімділігін арттырады, жергілікті май қатпарларын ыдыратады, табиғи лимфодренажды іске қосады, қан мен лимфа айналымын жақсартады.

Бұл – LPG аппараттарының соңғы буыны. Оның жаңа EnergyDrive жұмыс манипуласы алдыңғы буын аппараттарына қарағанда 2 есе тиімді әрі 2 есе қуатты. Бұл технология тіпті өте толық адамдардың дене бітімін түбегейлі өзгертуге қауқарлы. Енді дәл өзіңіз түзеткіңіз келетін аймақты модельдеуге болады.

LPG процедурасы кезінде пациенттің денесі арнайы костюмнің үстінен арнайы роликтермен уқаланады. Осындай әсердің нәтижесінде тері қатпары жасалады: бірінші ролик оны қысып ұстаса, екіншісі тегістейді. Бұл механикалық үдеріс вакуумның үздіксіз берілуімен қатар жүреді. Нәтижесінде тері асты қабатында коллаген қарқынды түзіле бастайды да, дұрыс құрылымды жаңа тері қаңқасы қалыптасады. Микроциркуляция мен лимфа ағымы жақсарып, барлық тоқырау құбылыстары жойылады, ал ең бастысы – целлюлит бұзылады.


LPG сеанстары ауырсынусыз әрі қауіпсіз және қысқа мерзімде көрінеу нәтиже береді. LPG процедураларына қарсы көрсетілімдер өте аз. Сонымен қатар олар күйзелісті жеңуге көмектесетін босаңсытушы және тыныштандырушы әсерге ие. процедуралар жағымсыз сезімдер мен жанама әсерлер тудырмайды. процедуралардан кейін салмақ жоғалтпаса да, дене көлемінің азайғаны байқалады. LPG процедурасын мезотерапиямен бірге жасау оның әсерін едәуір күшейтеді. Бұл процедура целлюлит пен май шөгінділерін кетіріп қана қоймай, ісінуді басады, жарақаттар мен пластикалық операциялардан кейінгі оңалуды жылдамдатады, сондай-ақ жалпы ағзаны сауықтырып, терінің тонусы мен серпімділігін арттырады.

Эстетикалық эндермология

Целлюлитті тиімді емдейді, тері астындағы майлы тіндер қабатын азайтады, дене бітімін қалыптастырады, созылған теріні жиырып, тартады, терінің текстурасын жақсартады.

Спорттық эндермология

Ұзаққа созылған дене жаттығуларынан кейінгі қалпына келу кезеңін бірнеше есе қысқартады, спорттық жарақаттарды емдеп, зақымданған бұлшықеттер мен сіңірлерді қалпына келтіреді, сондай-ақ ауырсыну мен ісікті басады. Спортшыларды жарысқа дайындауда ғажап нәтиже береді!

Терапевтік эндермология

Бұлшықет құрысуын, арқа мен белдегі ауырсынуды басады, ісіктерді, соның ішінде "аяқ ауырлау" синдромын қайтарады, отадан кейінгі кезеңде, жарақаттар мен күйік тыртықтарын емдеу үшін тиімді.

Технология LPG Cellu Endermolab (Франция) 3 | MEDSTYLE Алматы

Нәтижесі

  • Дене көлемін азайту

  • Мүсінді түзету

  • Целлюлитті айқын кетіру

  • Ісінуді қайтару

  • Терінің иілгіштігін арттыру

  • Жергілікті май қатпарларын ыдыратып, тері астындағы май қабатын азайтады

  • Лимфодренаж

  • Қан айналымын жақсарту

  • Дене сымбатын қалыптастыру

  • Солып, босаңсыған теріні тартады

  • Ісіктерді қайтарады

  • Тыртық тінінің құрылымын жақсартады

Целлюлиттің сыртқы белгілерін ғана емес, оның пайда болу себептерін де жояды. Нәтиженің сақталу ұзақтығы – 6-12 ай. Нәтижені сақтап тұру үшін айына 1-2 рет қолдау процедураларын жасап тұру ұсынылады.

Науқандар мен жеңілдіктер